Сайлауға белсенді қатысуда
Өскеменде сайлаушылар таңғы сағат 6 – дан дауыс беруге ағыла бастады. Әнұранмен басталған бұл науқан бүгін кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Яғни, сайлаушылар өз дауыстарын осы уақытқа дейін беріп үлгерулері тиіс. Рет – ретімен сайлау учаскелерінің жұмысымен танысып қайтан тілшіміз жалғастырсын. Азаматтық міндетіне үлкен ыждағатпен кіріскен тұрғындар ерте уақытқа қарамастан учаскіге келіп ел ертеңіне өз дауысын беру арқылы атсалысуда. Ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылған ағайын науқанға бейжай қарамай жауапкершілік танытуда. Солардың бірі №32 сайлау учаскесінде ең бірінші болып дауыс берген Қазима Сүлейменова. 72 жастағы зейнеткер өзгелерге де мемлекеттің жарқын болашағының кепілі болар сайлауға дұрыс ұстаныммен қарағандары жөн, дейді. Тұрғындар елдің болашағы үшін таңдау жасап, маңызды шарадан шет қалмағанына қуанышты. Дауыс беруге асыққандар қатарында қазыналы қариядан бастап, жалынды жастарға дейін бар. Үй жағдайында дауыс беретіндердің де өтініштері назарсыз қалмады. Олар үшін жылжымалы урналар ұйымдастырылып, кедергісіз дауыс беруге бар жағдай жасалған.