Добавить
Уведомления

Мақта қыз бен мысық ертегісі/ Сказка девочка Макта и кошка на казахском языке для малышей

Мақта қыз бен мысық Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз: — Келмесең келме! – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп: — Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем! – дейді. Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын! – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: — Апа, апа, құйрығымды берші! – дейді. Мақта қыз: — Менің қатығымды төле! – дейді. Мысық сиырға барады. — Сиыр, маған қатық берші! – дейді. Сиыр: — Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді. Мысық ағашқа барып: — Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді. Ағаш: — Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, – дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді. — Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді. Қыздар оған: — Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді. Мысық дүкенге барады. — Әй, дүкенші, маған сағыз берші! – дейді. Дүкенші: — Маған жұмыртқа бер, – дейді. Мысық тауыққа барады. — Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді. Тауықтар: — Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» – деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады. — Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді. Тышқан қорыққанынан: — Үйімде бір табақ тарым бар, – дейді. Мысық: — Маған бір уыс тары бер, – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын кайтарып береді. Мақта қыз бен мысық, білім ал сайтынан

Иконка канала Laboratory Laughter
4 подписчика
12+
29 просмотров
Год назад

, чтобы оставлять комментарии